Елордада мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Елордада мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер шақырылады Елордада мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер шақырылады](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/142057/1200xauto_49rZZulf49WUElB0JRgeTjYyV7iFtrqjLDF21vN2.jpg)
Елордада Алматы ауданының әкімдігі қызықты мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер мен өнер сүйер қауымның ұсыныстарын қабылдап жатқанын мәлімдеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл бастама вандализмнің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке құрмет көрсетуге және Заң аясында әрекет етуге шақырамыз. Заңсыз граффити қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады, - делінген мәліметте.
Талантты азаматтардың креативті идеясы мен ұсыныстары ескерілетін болады.
Қатысу үшін сізге қажет:
1. Жобаңыздың эскизін дайындау қажет;
2. Өзіңіздің идеяңыз бен тұжырымдамаңызды, атап айтқанда, өнеріңіз арқылы қандай хабарларды жеткізгіңіз келетінін сипаттаңыз.
Эскизіңіз бекітілгеннен кейін авторға жобасын орындауға рұқсат беріледі және қабырға суреті немесе граффити орналасатын жер анықталады.
Өтінімдерді қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады және оларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылады.
Өтінімдерді қабылдау жөнінде сұрақтар бойынша Алматы ауданы әкімдігіне (Тәуелсіздік даңғылы, 7) немесе Instagram @almaty_audany парақшасы арқылы хабарласуға болады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)