Елордада мопед ұрлаған жасөспірім ұсталды
Астанада мопед ұрлаған жасөспірім анықталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған мопедін алып кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы полиция бөлімі қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.
Тергеу барысында ол түнгі уақытта Момышұлы даңғылымен кетіп бара жатып, кілті оталғышында қалып кеткен мопедті байқап, айдап әкеткен
Келтірілген материалдық шығын 350 мың теңгеге бағаланды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.