Елордада мерекеге арналған қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеу аясында елордада 1-4 мамыр аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 1, 2, 3 және 4 мамыр күндері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мынандай автобус маршруттары өтеді: №2, 32, 49, 50, 73. Бұл жәрмеңке өтетін жерге ыңғайлы болуы үшін маңызды.
