Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
29.12.2023 11:45
830
30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күні кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді.
2 қаңтар күні-сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.
3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.
Тұрғындардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.
Бөлісу:
