Жаңалықтар

Елордада Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Елордада Мемлекеттік хатшының қатысуымен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді
27.11.2019 18:27 2020

28 қарашада сағат 14.30-да Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында ("Бесік" залы, 8 қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырысқа ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

ҚХА Кеңесінің отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында берген тапсырмаларының іске асырылу барысы, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің қоғамдық аккредитациясының қорытындылары, Алматы облысы ҚХА-ның "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға