Жаңалықтар

Елордада «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды

Елордада «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 01.08.2024 18:32 515

Елордадағы «Аймақтау» сауда үйінің маңында мектеп жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Мектепке жол» акциясы аясында өтетін дәстүрлі жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады. Ал іс-шараның өзі 31 тамызға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар биыл 8,5 мың баланы қамтуды жоспарлап отыр.

Мектепке жол» акциясы, негізінен, демеушілердің және меценаттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, біздің жалпыға бірдей міндетті біліммен қамту бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 14 040 балаға аталған бағдарлама аясында көмек көрсетілсе, биыл 14 500 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайларға тап болған балалар және басқалары жатады. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қазіргі уақытта мектептердің әлеуметтік педагогтары білім алушылардың жаңа жиынтығын ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыруда. 2024-2025 оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрады , - деді Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Құттымұрат Шамшиев.

«Аймақтау» сауда маңында орналасқан мектеп жәрмеңкесі күнделікті таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі сағат 20.00 аралығында 5 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұндай мектеп жәрмеңкелері қаладағы басқа да ірі сауда үйлерінде ұйымдастырылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға