Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Ваучерлік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен реттеледі, олар ваучерлерді балалар арасында тарату тәртібін қатаң түрде реттейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің сайтының жазуынша, жеке ваучерді алу принципі кезекте тұрған өтініш нөміріне де, өтінішке қоса берілетін құжаттарға да байланысты. Ал 2025 жылдың 8-10 қаңтары аралығында мектепке дейінгі қызметтермен қамтуды арттыру үшін қосымша 2 200 жаңа ваучер бөлінген.
Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуды күткен ата-аналар берілген ваучерге қызығушылықты жедел растау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін ed24.kz мобильді қосымшасында келіп түскен хабарламаларды мұқият бақылау қажет.
Айта кетейік, талап етілмеген ваучерлер кезекте тұрған басқа тұлғаларға берілетінін және берілген ваучер бойынша жауап берілмеген өтініш одан әрі жойылуы мүмкін.