Жаңалықтар

Елордада Мәскеу көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордада Мәскеу көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2023 12:44 648

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәскеу көшесінде орташа жөндеу жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысы Мәскеу көшесінде Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.


Осыған байланысты биыл 28 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады.


Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға