Жаңалықтар

Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Толағай көшелеріндегі учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Толағай көшелеріндегі учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 08.05.2023 21:30 761

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Толағай көшесінде жөндеу жүргізуде. Осыған байланысты бұл учаскелерде қозғалыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Жөндеу жүргізілуіне байланысты осы жылдың 10 мамырынан 4 маусымына дейін Триумф аркасынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылы көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Бұдан басқа, осы жылдың 8-12 мамыр аралығында Толағай көшесінің Қараөткел көшесінен Оңдасынов көшесіне дейінгі учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға