Жаңалықтар

Елордада мәдениет қайраткерлері дауыс берді

Елордада мәдениет қайраткерлері дауыс берді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 06.10.2024 16:07 87

Бүгін референдумға Майра Ілиясова, Самал Еслямова, Әділ Ахметов, Ерік Жолжақсынов, Ерлан Малаев және басқа да елге белгілі өнер және мәдениет саласының майталмандары белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біздің бүгінгі шешімдеріміз - ертеңгі күннің іргетасы. Шығармашылық зиялы қауымның өкілі ретінде болашағымызды ақыл, білім мен тәжірибе негізінде құруымыз өте маңызды, - деген ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі референдумдағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.

Бұл - халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мен барлығын азаматтық ұстанымын көрсетуге, шетте қалмауға шақырамын, - деп атап өтті Кино және театр актері Әділ Ахметов.

Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі - ашық, 34-і - жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға