Жаңалықтар

Елордада әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың музейі ашылады

Елордада әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың музейі ашылады
15.05.2019 08:00 5346

15 мамыр күні сағат 15:00-де елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Кырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала кездесуі» атты шығармашылық кеш өтеді.

Аталған ауқымды іс-шараға Қырғызстанның қоғам қайраткері, жазушы, Ш.Айтматовтың әпкесі Розетта Айтматова және белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, Елшіліктердің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА жастар қанатының өкілдері қатысады.   

Іс-шара аясында дөңгелек үстел, «Тау мен дала кездесуі» атты суретшілер көрмесінің ашылуы, жазушылардың жастармен кездесуі, бірқатар кітаптардың таныстырылымы, «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты халықаралық эссе байқауы мен «Манас Ааламы» атты жас манасшылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, Ш.Айтматов мұражайының (№79 мектеп-лицейінде) ашылуы және Ш.Айтматов шығармасының желісімен сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» спектаклінің (Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында) қойылымы жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға