Жаңалықтар

Елордада криминалитет өкілдері ұсталды

Елордада криминалитет өкілдері ұсталды
Фото: Polisia.kz 31.01.2025 09:03 165

Елордалық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға