Жаңалықтар

Елордада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылуда

Елордада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылуда
31.10.2019 10:39 2115

Елордалық ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумы өтуде.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шәукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық корпус, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, халықаралық сарапшылар ұйымдары мен зерттеу құрылымдарының өкілдері, еліміздің жетекші институттарының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, жоғарғы оқу орындарының, республикалық жастар бірлестіктерінің өкілдері және т.б. қатысуда.

Форум ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі 10 жылдық жұмысының қорытындысын, көпмәдениетті қоғам, татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі мәдениетаралық диалогты нығайту феноменін, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың әралуандықтағы бірлікті дамытуға қосқан үлесін, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды зерттеу нәтижелерін талқылау және ой бөлісу мақсатында өткізілуде.

Іс-шара барысында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған мультимедиялық таныстырылым; Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ҚХА Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚХА кафедраларының қызметі мен бағыттары бойынша стендтік таныстырылымдар, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар және экскурсия ұйымдастырылмақшы.

Шара соңында этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге үлес қосқан ғалымдарды марапаттау рәсімі өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға