Жаңалықтар

Елордада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адамға үкім шығарылды

Елордада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адамға үкім шығарылды
Фото: El.kz 29.03.2023 10:02 921

«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Кінәліге үкім шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.

2023 жылғы 2 ақпанда Ш. деген азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірді.

2023 жылдың 17 наурызындағы сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға