Жаңалықтар

Елордада Explore Jana Qazaqstan фотокормесі өтті

Елордада Explore Jana Qazaqstan фотокормесі өтті
Фото: National Geographic Qazaqstan 18.10.2024 19:17 87

18 қазанда Астанадағы Mega Silk Way ойын-сауық орталығында Explore Jana Qazaqstan фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрме Explore Jana Qazaqstan командасының National Geographic Qazaqstan редакциясымен бірлесіп,  биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында ұйымдастырған 5 экспедициясының нәтижесінде дайындалған. 

Экспедиция мақсаты Қазақстанның туристік өңірлерінің әлеуетін ең үздік отандық фотографтар мен саяхатшы блогерлердің фотоаппараттары мен видеокамераларының обьективі арқылы паш етіп, ішкі туризмді дамытуға қосымша серпін беруді көздеді. Соған орай, команда мүшелері еліміздің Түркістан, Алматы, сондай-ақ шығыс пен батыс өңірлерінде болып, байтақ Отанымыздың алуан айшықты тұмса табиғатымен танысты.

National Geographic Qazaqsan редакциясы осы сапарлар барысында түсірілген 2500-ден астам фотосуреттің ішінен ең үздік 15 суретті іріктеп, көрмеде ұсынып отыр.

Ұланғайыр жеріміздің тамаша табиғатының ғажайыптарын көрсететін көрме 18 қазаннан 7 қарашаға дейін жалғасады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға