Жаңалықтар

Елордада «ET-FEST» мерекелік ет жәрмеңкесі өтеді

Елордада «ET-FEST» мерекелік ет жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 20.03.2025 03:28 166

Елордада 21 және 23 наурыз күндері «ET-FEST» мерекелік ет жәрмеңкесі өтеді, оған Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12А мекенжайында орналасқан «Koktal» сауда орталығының тұрағында өтеді.

Сондай-ақ аталмыш сауда және ойын-сауық орталығында бұл күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеде жеміс-жидек пен көкөніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, тәтті-дәмділер және т.б. сатып ала алады.

Қала жәрмеңкесі 10:00-ден 22:00-ге дейін (әр демалыс күндері) жұмыс істейді.

«ET-FEST» жәрмеңкесі сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін (21, 22 және 23 наурыз) жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға