Жаңалықтар

Елордада ер адам тұрғын үйдің кіреберісін дәретханаға айналдырған

Елордада ер адам тұрғын үйдің кіреберісін дәретханаға айналдырған
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.02.2024 04:02 728

Астанада кезекті бұзақы қолға түсті. Ер адам кіреберісте үлкен дәретке отырған, оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, полицейлер бұзақыны анықтады. Ол 20 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Тәртіп сақшылары оған қатысты алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шығып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырды.

Материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданып, сот шешімімен ол, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, былтыр жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға