Жаңалықтар

Елордада елшіліктер қызметкерлері арасында мини-футболдан халықаралық турнир өтті

Елордада елшіліктер қызметкерлері арасында мини-футболдан халықаралық турнир өтті
03.09.2019 11:29 2095

Нұр-Сұлтан қаласында «SAIRAN Arena» мини-футбол мектебінде Тәжікстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мини-футбол бойынша халықаралық жолдастық турнир өтті.

«ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының құрметті төрағасы Юрий Тимощенко қатысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі. 

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, турнир Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің қызметкерлерін біріктіріп, ұжымдық жұмысты нығайтуға, сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салтын, толерантты қатынасты насихаттап енгізуге бағытталды.  

Елордада елшіліктер қызметкерлері арасында мини-футболдан халықаралық турнир өтті

Елшіліктер турниріне қатысады деп Ресей, Тәжікстан, АҚШ, Түркия елдерінің өкілдері, ҚР СІМ командасы мен «Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының «Ақмола жастары» командасы қатысады деп жарияланды. 

Әділ де кәсіби төрелікті халықаралық санатты (FIFA) төре бастаған «SAIRAN Arena» мини-футбол мектебінің төрелер тобы қамтамасыз етті. 

Жарыс нәтижесі бойынша қатысушы командалар арасында 1-орынға «Қазақстан халқы ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы» «Ақмола жастары» командасы, 2-орынға Ресей Федерациясы елшілігінің командасы, 3-орынға ҚР СІМ командасы табан тіреді.  

Жүлдегерлерге кубоктар мен медальдар табысталды.  

Елордада елшіліктер қызметкерлері арасында мини-футболдан халықаралық турнир өтті

Бөлісу:







Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға