Жаңалықтар

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды
04.09.2019 17:31 3059

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінде өткен «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» атты тарихи-деректі фотокөрменің ашылу салтанатына қатысты.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігімен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі ұйымдастырған аталмыш шарада Федералдық мұрағат агенттігінің, Ресей мемлекеттік әскери мұрағатының, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің тарихи-құжаттық департаментінің, сондай-ақ Ресей тарих қоғамы қорларынан алынған сирек материалдар таныстырылды.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Экспозицияда алғаш рет жаһандық қақтығысқа әкеп соққан оқиғалар, КСРО-ның қатысуымен кең антигитлерлік коалицияның соғыс қарсаңында қалыптасуы кезіндегі сәтсіздіктердің себептері, сондай-ақ 1930 жылдардың соңында халықаралық жағдайға қауіп төндірген кеңес басшылығының іс-қимылдарының логикасы туралы баяндайтын шынайы мұрағаттық құжаттардың көшірмелері мен фотосуреттер ұсынылған.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Мұндағы экспозиция 1938 жылдың 29 қыркүйегіндегі Мюнхен келісімі мен 1939 жылдың жазындағы әлемдік саяси дағдарыстың тереңдеуіне дейінгі және 1939 жылғы Польшаға Германияның шабуылы кезеңдерін қамтиды.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Салтанатты жиын кезінде сөз алған Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде екенін, бізді ортақ шекара ғана емес, ортақ тарих та байланыстыратынын және осы ақиқаттың бір айғағы, бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс екенін атап өтті.

«Тарихтағы ең қантөгісті бұл соғыста біздің халықтарымыз ұлтымызға, тілімізге, дінімізге бөлінбей, бір ту астында жеңіс үшін шайқасты.

Ол соғыстың жарақаты әлі жазылған жоқ. Оның зардаптарын көрсететін деректер мен дәйектер әлі де табылып жатыр. Соның біреуі – бүгінгі іс-шара деп білемін», - деді бұл көрменің маңыздылығына мән артқан Ж. Түймебаев.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

ҚХА Төрағасының орынбасары көрмедегі тарих шындығын жариялаған жәдігерлермен әсіресе жастардың танысуын қамтамасыз ету керек деді. «Жас ұрпақ өкілдері бұл мұрағат құжаттарын өз көздерімен көрулері керек. Себебі, өкінішке орай, әлемде соңғы уақытта тарихты бұрмалаудың жиі орын алғанына куә болып келеміз. Біз білетін бұл тарих жадымызда мәңгілік сақталады», - деген Ж.Түймебаев сөз арнасын екі ел арасындағы достықтың беріктігіне және Ресейдегі қазақтар мен Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерінің осы берік байланыстың үзілмес жібіне айналғанын тілге тиек етті.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

«Біздің достығымыз уақытпен сыналған, тарихпен дәлелденген. Бұл туралы бәріміз де білеміз», - деген Ассамблея Төрағасының орынбасары Ресей Федерациясы Елшілігіне елордалықтарға құнды тарихи жәдігерлермен танысуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдірді.

Айта кеткен жөн, аталмыш көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Елордада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған фотокөрме ашылды

Бөлісу:

Рауан Ескали

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға