Жаңалықтар

Елордада дзюдодан әлемдік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді

Елордада дзюдодан әлемдік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 21.04.2025 18:10 118

Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды. 

«Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысы Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарыс бағдарламасы:

9 мамыр

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг

Ерлер: -60 кг, -66 кг

10 мамыр

Әйелдер: -63 кг, -70 кг

Ерлер: -73 кг, -81 кг

11 мамыр

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға