Елордада дүкен тонаған адам ұсталды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов
Фото: El.kz/Артем Чурсинов
22.09.2023 05:07
554
Елордада полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақшылық шабуыл жасаған 47 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы боп көрініп, тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке Dewars вискиін сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткені белгілі болған.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға