Елордада «Дода» атты бірегей шығармашылық жоба өтеді

27 ақпан күні Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» атты бірегей жоба өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі іс-шара аясында тартысқа толы шығармашылық сайыс пен тамаша шоу-бағдарлама ұсыныладтынын атап өтті. Сахнада шебер күйшілер, ансамбльдер мен солистер халық музыкасының үздік туындылары мен хореографиялық қойылымдарын орындайды. Кеш ерекше форматта өтеді.
Өнерпаздар ұлттық мәдениетке терең бойлап, қазақ өнерінің қыр-сырын ашып көрсетеді. Қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылады.
Өнер сайысында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның белгілі әртістері өнер көрсетеді.
