Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Фото: Астана қалалық әкімдігі
Фото: Астана қалалық әкімдігі
06.02.2025 17:36
453
Астанада 8-9 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкеніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын, жем және т.б. сатып ала алады, - делінген мәліметте.
Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматының бұрынғы бас сәулетшісі неліктен сотталып жатыр
Келесі жаңалық
Астанадағы оқушылар сарайында Көрісу күні атап өтілді