Жаңалықтар

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 21.06.2024 16:53 285

Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға