Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
08.06.2024 08:44
600
Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Жәрмеңке өтетін орын елорданың Сарыарқа ауданында Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады. Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері және тағы басқа.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты