Жаңалықтар

Елордада «Дәуір және тұлға» атты халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы өтеді

Елордада «Дәуір және тұлға» атты халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы өтеді
25.10.2019 09:16 1973

26 қазанда сағат 14:00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық мерейтойы аясында «Дәуір және тұлға» атты халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, М. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Наталья Калашникова және тағы басқа ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға