Жаңалықтар

Елордада бизнес орталығында жасалған қылмыстың беті ашылды

Елордада бизнес орталығында жасалған қылмыстың беті ашылды
Фото: © Polisia.kz 09.08.2023 16:31 1058

Полицейлер елордалық бизнес орталықтарында жасалған ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Есіл ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қала ішіндегі бизнес орталықтарының бірінен ұрлық жасаған 29 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті түнгі уақытта күзетшілерге байқатпай бизнес орталыққа кіріп, кофехананың есігін бұзып, кассадан 30 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Теміртау қаласынан табылып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, түзеу мекемесіне отырғызылды. Құқық бұзушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ күдіктінің Астанада бұрын осыған ұқсас жасалған қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға