Жаңалықтар

Елордада «Бірлік жүгірісі 2025» жарысына орай бірнеше көше уақытша жабылады

Елордада «Бірлік жүгірісі 2025» жарысына орай бірнеше көше уақытша жабылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 30.04.2025 23:12 113

Астанада 1 мамыр күні «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі қозғалыс мына кесте бойынша жабылады:

30 сәуір күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
1 мамыр күні сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан «Бәйтерек» монументіне дейінгі аралықта.

«Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және «Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өтеді.Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады, - делінген мәліметте.

Жүгіру қашықтығы:

1 км – балалар мен инклюзивті жүгіру;
5 км – скандинавиялық жүріс;
5 км – жаппай қолдау жүгіру іс-шарасы;
10 км және 21,1 км – сертификатталған трассалар (жас бойынша санаттар);
30 км – командалық эстафета (6×5 км, командада кемінде бір әйел).

Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады. Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға