Жаңалықтар

Елордада Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумы өтеді

Елордада Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумы өтеді
04.11.2019 11:50 2278

5 қарашада сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (Абай даңғылы, 33а) Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жай-күйі және дамуы» азаматтық форумын өткізеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д. Есин, АӨСШК Хатшылығы атқарушы директорының өкілі Д. Сингх, ҚР Парламентінің депутаттары, Елшіліктер, АӨСШК мүше-елдері, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауым, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Форум аясында «Қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтық қоғамның рөлі. АӨСШК елдерінің тәжірибесі» пленарлық отырысы, «Азаматтық қоғамды дамытудың келешегі» және «Жастар және азаматтық қоғамдағы байланыс механизмдері» панельді секциялары, ҚР Азаматтық қоғам дамуының концепциясы жобасының таныстырылымы, АӨСШК мүше-елдерінің «Азиядағы Сенім мен Ынтымақтастықтың ұлттық көрінісі» атты фотожұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады, деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға