Жаңалықтар

Елордада азаматтық бастамалар ТКШ саласының дамуына қалай әсер етеді

Елордада азаматтық бастамалар ТКШ саласының дамуына қалай әсер етеді
Фото: gov.kz 13.01.2023 13:24 939

Үш жыл ішінде елордалық МИБ орталығы 500-ден астам қоғамдық тыңдаулар, жиналыстар өткізіп, қала тұрғындарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй мүлкін басқару мәселелерін шешуге жұмылдырды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық бастамалардың арқасында елорда әкімдігі ел реформаларын іске асыруда ақпараттық хабарлау, қызметтің жаңа бағыттарын құратын және т.б. қалалық жобаларды дамытуды тұрақты негізде қолдайды.

Осылайша, 3 жыл ішінде елордада тұрғын үйлерді басқару саласында 800-ден астам жаңа заңды тұлға құрылды, МИБ төрағалары мен басқарушы компаниялар үшін білім беру бағыттары ашылды, тұрғын үйлерге сервистік қызмет көрсетушілер бойынша мониторинг жүргізілді, жаңа жұмыс орындары құрылды.

Елордалық орталықтың құрылыс және ТКШ саласындағы коммерциялық емес ұйымдармен және басқа да заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі жобасының үлгісінде қолжетімді мастер-класстар мен азаматтарды ашық қабылдау арқылы олардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бөлігінде шаралар қабылдануда.

2020 жылдан бастап iQamal қауымдастығы МИБ орталығы жобасы арқылы 500-ден астам қоғамдық жиналыстар, жиындар, тыңдаулар және қоғамдық талқылаулар өткізді.

«Қоғамдық кеңестердің, ПИК пен МИБ-тің қызметін қайта форматтау сөзсіз жалғасады. Сондай-ақ белсенді азаматтар менің ойымша, қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жобаларға қатысуы тиіс. Әрине, кез-келген жиналыс, қоғамдық тыңдау немесе қоғамдық талқылау – әр адамның жеке білімі мен тәжірибесінен тұратын пікірлер, көзқарастар, тәсілдер арасындағы айырмашылық. Дегенмен қала тұрғындары қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, өз сенімдерін құрметпен қорғауды үйренуі керек екеніне өз басым сенімдімін. Тұрғын үй нысанын басқару, жаңа нысандар салу және аумақтарды игеру бірінші кезекте құрылыс нормалары мен заңнамалық актілерге негізделуі тиіс», - деп атап өтті Астана МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға