Елордада әйел баласымен бірге көпқабатты үйден құлап, көз жұмды
Фото: El.kz
Фото: El.kz
09.06.2023 17:42
883
Астанада әйел баласымен бірге тұрғын үйдің 12-қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 маусым түскі сағат 14.19-де болды. "102" нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған, ал бала ауруханада қайтыс болды.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама жасалады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
Келесі жаңалық
35 градус аяз күтіледі