Елордада ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтіп жатыр
Елордада AgriTek/FarmTek Astana – 2023, XVIII Халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.
29 наурыз күні басталған көрме «EXPO» орталығында 31 наурызға дейін жалғасады.
AgriTek/FarmTekAstana-2022 көрмесінде Қазақстаннан, Түркиядан, Австриядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Даниядан, Израильден, Италиядан, Қытайдан, Қырғызстаннан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Франциядан және басқа елдерден 200-ден астам компаниялар ауыл шаруашылығына қажетті барлық өнімдер қойылған.
Солардың бірі «Рамак» компаниясы.
Компания 2013 жылы Түркияның Кония қаласында құрылған. 2021 жылдың басынан компания болат силостар мен ауылшаруашылық техникасы саласындағы қызметін экспорт және импорттаумен айналысады.
Компания көрмеге Астықты әртүрлі критерийлер бойынша тазартуға және сұрыптауға арналған ауылшаруашылық машинасын алып келген.
Көрме ҚР Ауыл шаруашылығы, Астана қаласы әкімдігі, Қазақстанның Құс өсірушілер Одағы мен Қазақстан Егіншілер одағының қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Көрмеде ауылшаруашылық техникасы және жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайту технологиясы, тұқымдар және екпелер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін жабдықтар мен технологиялар, малға арналған азық, ветеринарлық технологияларын көруге болады.
Жыл сайын көрмеге 4 мыңнан астам фермерлер мен ауыл шаруашылығының басқа да қызметкерлері қатысады.