Жаңалықтар

Елордада #AulaFit жобасы басталды

Бұл жоба қыркүйек айында елорданың 4 ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларында басталған болатын. 
Елордада #AulaFit жобасы басталды
22.09.2022 03:20 1439

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада #AulaFit жобасы басталды, деп хабарлайды EL.KZ.  

Бұл жоба қыркүйек айында елорданың 4 ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларында басталған болатын. 

"AulaFit бағдарламасының пилоттық жобасы 2020 жылдың мамыр айынан бастап құрылып және іске қосылды. Қаламыздағы "Манхэттен-2", "Олимп Палас-2", "Азат-2" тұрғын үй кешендерінің аулаларында өз жұмысын жүзеге асырды. Жазғы кезеңде дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар аптасына 5 сағат, қысқы кезеңде - 3 сағат өткізілді. Жобаға білікті жаттықтырушылар қатысты. Жоба қатысушылары футбол, шахмат, стрит воркаут, баскетбол, балалар фитнесі бойынша барлық аулаларда тегін жаттығулар өткізілді. Бұл жобаның мақсаты мен ерекшеліктері қаланың шет аймақтарында, дене шынықтырумен спортпен қамту. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары спортпен қадамдық қолжетімділікте - өз аулаларында, тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен, тегін негізде айналыса алады. Аға буын, жастар мен балалар күн сайын спортпен шұғылданады, бос уақыттарын, демалыстарын қызықты және пайдалы өткізеді, психологиялық қолдау алады. Біз тұрғындардың бір-бірімен қалай танысқанын, достасып, тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын көреміз. Барлығы позитивті және ең бастысы әркімнің спортпен шұғылдануға деген ықыласы бар. Ата-апалар, орта буын, жастар, балалар мен қыздар білікті жаттықтырушы өткізетін тегін спорттық жаттығуларға күнде шығады. Болашақ Олимпиала чемпиондары осындай аулалардан шығады, - дейді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев. 

Пилоттық жоба Астана қаласының 10 ауласында яғни, елорданың "Алматы", "Есіл", "Байқоңыр" және "Сарыарқа" аудандарындағы аулаларында жаттығу сабақтары өтуде. Бағдарлама аясында футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық ойындар бойынша және жалпы физикалық дайындық жаттығулар жүргізеді. Білікті бапкер сабағын таңғы және кешкі уақыттарда ( 08:00-ден 10:00-ге және 17:00-ден 20:00-ге дейін) тегін негізде таза ауада алуға болады. 

"Тәні саудың – жаны сау" дейді дана халқымыз. Егемен елдің ертеңі – бүгінгі балақайлар болған соң, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесі қашанда маңызды. Бұл ретте, жас ұрпақтың қанатын қатайтып, буынын бекітуге барынша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, күні кеше ғана қалалық әкімдік пен спорт басқармасының қолдауымен елордада #AulaFit пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Үйде отырмай, өз денсаулығымызды жақсартудың бірден бір жолы десемде болады. Бұл пилоттық бағдарлама төрт ауданда, он аулада өтіп жатыр. Ендігі мақсат 10 ауламен шектелмей, 100-ге жуық  аулада жасасақ деген үмітіміз бар. Ең бастысы, жаттығу сабақтарын білікті жаттық­ты­рушылар тегін өткізеді. Қатысам деушілердің жасына шектеу жоқ,- дейді жоба жетекшісі Әділ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға