Елордада әуежайында рейстер кешігеді

Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
29.06.2024 14:50
629
Азаматтық авиация комитеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 маусымнан бастап рейстедің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммиті алдында Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласы әуежайында әуе кеңістігі уақытша жабылады, – делінген хабарламада.
Дайындық мақсаттағы әскери ұшақтардың рейстері 30 маусымға дейін сағат 09:25 пен 10:20 арасында өткізіледі.
Шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушылар осы уақыт аралығында авиакомпаниялардан ұшу уақытын нақтылағаны жөн, – деді комитеттен.
Комитет басқа қалаларда, соның ішінде Алматыда да рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.
Бөлісу:
