Елордада Ақтөбе әкімі лауазымын сатқан алаяқтар сотталды
Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
24.11.2022 05:28
895
Астанада 21 қарашада Ақтөбе қалалық әкімі "креслосын" 1,5 млн долларға саудалағандарға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот жәбірленушілерді алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын ала сөз байласу арқылы бес адам өзін жоғары лауазымды тұлғалар ретінде таныстыра отырып, олардың біріне 500 мың доллар берсе, Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындауға уәде бергенін, сол секілді тағы жәбірленушіге осы беделді лауазым 1,5 млн долларға ұсынғандарын анықтады.
"Бірінші жағдайда сотталғандар жәбірленушінің 260 мың долларын иеленген, ал екінші жағдайда жәбірленуші өзінің алданатынын түсініп, құқық қорғау органдары көмегіне жүгінді және 28 млн теңге мөлшеріндегі ақша муляжын ұсыну кезінде сотталушылар ұсталды".Астана сотының баспасөз қызметі
Сотталушыларға әртүрлі мерзімде жаза тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үй берілді