Жаңалықтар

Елордада Аналар күніне орай саябақта отбасылық мереке өтті

Елордада Аналар күніне орай саябақта отбасылық мереке өтті
Фото: instagram.com/akimat__astana 12.05.2024 04:16 903

Мамырдың екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 12 мамырға келіп тұр. Мереке қарсаңында Астанадағы Ататүрік саябағында «Анаммен табиғат аясында» атты аналарға арналған іс-шара өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің мәліметінше, ашық аспан астында сурет салу бойынша шеберлік сабағы, йога сабақтары, көңілді старт форматындағы спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі ұйымдастырып, «Strong mothers NS» қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.

Қор басшысы Райгүл Серікбаеваның айтуынша, іс-шараның мақсаты - аналар мен олардың балаларын ғана емес, бүкіл отбасын біріктіру.

Осы шуақты күнде біздің ардақты аналарымыз өз уақыттарын балаларға арнайды. Осындай жақсы іс-шараларды өткізу отбасын да, жалпы қоғамды да нығайтады. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың одан әрі ұйымшыл және біртұтас болуына ықпал етеді, - деп атап өтті Райгүл Серікбаева.

Іс-шара саябақтың ашық алаңында басталды, онда аналар мен қыздар кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен йогамен айналысты. Содан кейін ата-аналар балаларымен бірге ағаштардың көлеңкесінде мольбертке сурет салды. Жақын жерде жігерлі балалар үшін көңілді старттар өткізілді.

Қатысушылар арасында №4 орта мектептің мұғалімі, үш баланың анасы Минат Сунхар да болды.

Мен саябақта өтетін іс-шара туралы айтқан кезде, балалар қатты қуанды және осы күнді асыға күтті. Әртүрлі іс-шаралар қыздарыма да, ұлыма да ұнады. Мереке жақсы өтті деуге болады, - деді Астана тұрғыны.

Іс-шара соңында қатысушылар үшін пикник және фотосессия ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға