Жаңалықтар

Елордада алғыс айту күніне орай ерекше акция өтті

Елордада алғыс айту күніне орай ерекше акция өтті
Фото: Shutterstock 01.03.2023 17:39 738

Алғыс айту күніне орай елордадағы кинотеатрлардың бірінде ерекше акция өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Келген адамдарға сеанс алдында арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте алғыс айтылған адамдар кинозалда отырды. Олардың бұл науқаннан хабары жоқ", - делінген ақпаратта.

Мәселен, Арслан Болат есімді кішкентай балақай қолына қалам ұстатып, әріп жазуды үйреткен Дина апайына алғысын білдірді. Сондай-ақ ұстазын қатты жақсы көретінін айтып, залда отырған апайына гүл шоқтарын сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға