Жаңалықтар

Елордада алдағы 4 жылда бірнеше аурухана мен емхана салынады

Елордада алдағы 4 жылда бірнеше аурухана мен емхана салынады
Фото: © El.kz 04.09.2023 23:11 770

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы негізінде 2027 жылға дейін Астанада бірнеше медициналық ұйым салынады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «2023-2027 жылдарға арналған елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспарында» жазылған.

Құжатта жазылғандай, алдағы 4 жылда Астана аумағында мына медицина ұйымдарын салу жоспарланған:

- Интернациональный тұрғын алабында 150 келушіге арналған медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін объекті салынады - 2025 жыл;

- Өндіріс ауданында 250 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені салынады - 2025 жыл;

- «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені пайдалануға беріледі - 2023 жыл;

- «Пригородный» тұрғын үй алабында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының құрылысы - 2027 жыл;

- «Тельман» тұрғын үй алабында бір аусымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені пайдалануға беріледі - 2023 жыл;

- «Capital park» тұрғын үй кешені ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені салынады - 2025 жыл;

- Жағалау-3 шағынауданы аумағында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені салынады - 2025 жыл;

- «Есіл» ауданында Қазанға 70 жыл, Сығанақ/Алматы және Ақмешіт/Сауран көшесі бойында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені салынады - 2027 жыл;

- Бейбарыс Сұлтан көшесі бойындағы «Сарыарқа» ауданында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешені салынады - 2023 жыл;

- Жылына 1500 аутопсияға және 500 000 биопсиялық, операциялық материалды зерттеуге арналған патологиялық-анатомиялық бюро пайдалануға беріледі - 2023 жыл;

- Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы салынады - 2023 жыл;

- Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы салынады - 2023 жыл;

- Ақан Сері және Еңлік-Кебек көшелерінің қиылысында 300 төсектік № 3 Көпбейінді қалалық аурухана салынады - 2026 жыл;

- Абылай хан даңғылы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында перинаталдық орталық салынады - 2027 жыл;

- Сарыарқа ауданында Ш. Қосшығұлұлы көшесінде 200 төсектік акушерлік блок салынады - 2027 жыл;

- № 2 Қалалық көпбейінді аурухананың акушерлік және негізгі блоктары арасында қабылдау-диагностикалық кешені салынады - 2026 жылғы желтоқсан;

- «Есіл» және «Нұра» аудандарының шекарасында оңалту блогы бар 350 төсектік № 4 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы салынады - 2027 жыл.

Кешенді жоспарды орындау үшін 611 млрд теңге бағытталмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға