Жаңалықтар

Елордада әкім грантымен бітірген түлектер жұмысқа орналасты

Елордада әкім грантымен бітірген түлектер жұмысқа орналасты
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 05.10.2023 01:29 674

Астана қаласы әкімінің грантымен оқуын тәмамдаған түлектер мамандығы бойынша жұмысқа орналасты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.

11-сынып оқып жүргенімде ұстаздық жолды таңдап, осы бағытта іздендім. Мектептегі ұстаздарымның жол көрсетуімен Астана қаласы әкімінің грантына қатысып көрдім. Осылайша конкурсқа құжаттарымды тапсырып едім, 2019 жылы грант иегері атандым. Сол жылы ЖОО табалдырығын аттап, 2023 жылы оқуымды тәмамдадым. Грант бойынша оқысам жұмыс та болатыны айтылды. Жаратылыстану, биология пәндері бойынша сабақ беремін.

Алда келе жатқан Ұстаздар күнімен әріптестерімді құттықтаймын! Еңбегіміз табысты болсын! - дейді С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының мұғалімі Серік Ерланұлы

Өз кезегінде жас маман Жанар Оспанова әкім гранты бойынша былайша ой бөлісті.

2018 жылы Павлодар педагогикалық университетіне биолог мамандығы бойынша оқуға түстім. Әкім гранты бізді мамандығымыз бойынша оқуға түсіп, өзімізді маман ретінде қалыптастыруда алдымызға үлкен жол ашты. Қазір С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында ұстаз болып еңбек етіп жүрмін. Осы жолда білім алып, еңбектенуімізге мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз! Ұстаздар қауымын келе жатқан кәсіби мерекемізбен құттықтаймын! - деді Жанар Оспанова.

Айта кетейік, Астана әкімдігі 2018 жылдан бастап жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға білім гранттарын бөледі. 2022 жылдан бастап қала әкімдігінің гранты бойынша оқытылған 338 педагог қабылданды. Қазіргі уақытта жас мұғалімдер елорданың білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға