Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
11.01.2025 20:13
127
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер бір ай арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады.
Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас жауынгерлерді ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі. Ал құрама командирі Аян Есжанов жаңадан келген сарбаздардың қызметтеріне бағыт-бағдар берді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға