Елордада 3 жасар бала пәтерде қамалып қалды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
21.12.2024 18:46
628
Оқиға бүгін елордада көппәтерлі тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтерде орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйел адам көршілерге шыққанда, есік жабылып, бала құлыптаулы пәтерде қалып қойған. Есіктің құлпы сынып қалғандықтан, есікті ашу мүмкін болмады.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар есікті тез ашты. Қуанышымызға орай 2021 жылы туған балақай зардап шеккен жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті