Жаңалықтар

Елордада 25 кәсіпорынға заңсыз қойылған шектеулер алынды

Елордада 25 кәсіпорынға заңсыз қойылған шектеулер алынды
Фото: El.kz 18.04.2025 17:34 321

Елорда прокуратурасы бақылаушы органның бизнеске заңсыз шектеулер салуына байланысты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылы орган қадағалау органының келісімінсіз 25 кәсіпорынның қызметін тоқтатқан, бұл заң бұзушылық болып табылады.

Кәсіпкерлік Кодекстегі жаңа түзетулер мемлекеттік органдарды кәсіпкерлерге қатысты тыйым салу-шектеу шараларын қолдану туралы прокурорды хабардар етуге міндеттейді. Прокурорлық қадағалаудың бұл құралы 20 қаңтардан бастап қолданылады және бизнеске шектеулер қоюдың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылды, заңға қайшы шектеу шаралары алынып тасталып, бақылаушы органның екі лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға