Жаңалықтар

Елордада 2 мыңнан астам жүк көлігімен қар шығарылды

Елордада 2 мыңнан астам жүк көлігімен қар шығарылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 02.01.2024 11:55 591

Қыс басталғалы елорда көшелерінен 890 мың текше метр қар шығарылды, бұл 67 мыңнан астам рейсті құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаңтардың 1-інен 2-сіне қараған түні елорда көшелерінен 30 654 текше метр қар немесе 2 204 рейс қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Астана көшелерін қардан тазартуға 1500-ден астам арнайы техника мен 2 500-дей жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға және алыс сапарға шықпауға кеңес береміз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға