Жаңалықтар

Елорда Наурыз мейрамына дайындық үстінде

Биыл Наурыз мейрамы бес күн бойы тойланады. Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында қалада 70 жуық мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылады.
19.03.2016 07:55 5834

Биыл Наурыз мейрамы бес күн бойы тойланады. Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында қалада 70 жуық мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылады. Елорда қазірден бастап көктем мерекесіне дайындық үстінде. Ғимараттардың қасбеттері безендіріліп, жарқыраған конструкциялар мен ұлттық нақыштағы шағын архитектуралық пішіндер орнатылады.

Елорда Наурыз мейрамына дайындық үстінде

Елорда көшелерінде жарық иллюминациялық аркалар, жарық динамикалық панно мен жолдардың бойында жарқыраған ағаштар жасалады. Барлық қалалық парктерде шағын архитектуралық пішіндер қойылады. «Астаналық» паркте «Жар Жар», Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында «Желпуіштер» декорациясы, сондай-ақ, «Керуен», «Шарлар өрнегі», «Той», «Өрнектелген ағаштар» және т.б. шағын архитектуралық пішіндер орнатылады.

Қалалық алаңда мерекелік киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар болады, Жеңіс даңғылы мен Кенесары көшесінің, Жеңіс даңғылы мен Абай даңғылының, Жеңіс даңғылы мен Жангельдин көшесінің, Жеңіс және Бөгенбай батыр даңғылдарының, Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылыстарында, теміржол вокзалының аумағында 20 «Бәйшешектер» композициясы орнатылады.

Елорданы мерекелік безендірудің Астана тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатыны сөзсіз.

Мереке күндері халықтық серуен ұйымдастырылады. «Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінің алдында, қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парктерінде, «Жастар» театрының алдындағы алаңда, Мичурино және Железнодорожный кенттерінде, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алаптарында, № 20 ОМ аумағында, сондай-ақ, «Наз» мемлекеттік би театрының алдында мерекелік шаралар өтеді. Қала тұрғындарының назарына шығармашылық ұжымдардың концерттері мен киіз үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылатын болады, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі.

22-27 наурызда Конгресс-холлда күн сайын сағат 10.00-20.00 «Наурыз - 2016» көрме-жәрмеңкесі, ал 21-23 наурызда «Жастар» сарайында «Жастар көктем лебі» фестивалі аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамына орай «Жастар» театрында, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және Қуыршақ театрында мерекелік қойылымдар көрсетіледі. 21 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сағат 12.00 үлкен мерекелік концерт, сондай-ақ, Конгресс-холлда сағат 18.00 тағы да бір концерт өтеді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға