Жаңалықтар

Елорда әкімдігі «ЦУМ» ғимаратын неліктен сатып алған?

Елорда әкімдігі «ЦУМ» ғимаратын неліктен сатып алған?
Фото: Inform.kz 29.06.2022 17:04 1601

BaigeNews.kz «2022» жобасында елорда әкімі Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын  сатып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің  ведомствоға қарасты көптеген ұйымдар мен бөлімдер бар. Біздің 30-ға жуық ұйым өзнің мешікті ғимараты жоқ, мемлекет ақшасын жұмсап, қала бойынша жалға алады. Біз жылына шамамен миллиард теңгедей жалға алуға жұмсап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, жылда жалдау бағасы қымбаттап, өсіп келеді. Сол себепті экономикалық жағдайымызды ескере отырып, меншік иелерінен сатып алуды жөн санадық. Қазір ведомствоға қарасты ұйымдардың бір бөлігі сонда отыр, - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ Көлгінов Орталық әмбебап дүкеннің ғимаратына Жұмыспен қамту орталығы, iKomek 109, Astana Invest, Astana Innovations және т.б. қызмет түрлерінің келетінін айтты.

Әкімнің айтуынша, «ЦУМның» орналасуы бірден елорданың үш ауданын, яғни  Байқоңыр, Сарыарқа және Алматы ауданын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл аудандардың тұрғындарына сол жағалауға барғаннан гөрі Орталық әмбебап дүкенге жету оңайырақ дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға