Жаңалықтар

«Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер 4 қыркүйектен бастап қабылданады

«Елорда жастары» ипотекасына өтінімдер 4 қыркүйектен бастап қабылданады
Фото: pixabay.com 23.08.2024 09:35 500

2024 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтінімді Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады.

Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр. 

Бағдарламаның негізгі шарттары: 

  • Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін; 
  • Бастапқы жарна – 10 пайыз; 
  • Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
  • Несие ұзақтығы – 19 жыл. 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады:

  • мұғалімдер;
  • дәрігерлер;
  • ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
  • журналистер;
  • мәдениет саласының қызметкерлері;
  • спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
  • әлеуметтік қызметкерлер;
  • коммуналдық сала қызметкерлері;
  • полиция департаменті қызметкерлері;
  • төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері;
  • тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға