Жаңалықтар

Елорда тұрғындарына гүл шоқтары таратылды

Елорда тұрғындарына гүл шоқтары таратылды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 07.03.2025 18:10 388

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорда көшелерінде қала тұрғындарына гүл шоқтарын таратуға арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жиынды Алматы ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы қызғалдақ гүлін тарату игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Біз жыл сайын ауданымызда тұратын және жұмыс істейтін әйелдерге күлкі сыйлауға тырысамыз. 8 наурыз – аналарымызға, әжелерімізге, апаларымызға, әріптестерімізге алғысымызды, сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіргіміз келетін ерекше күн, - деді ол.

Мерекелік іс-шара аудан тұрғындарының ең көп жүретін орындарында – орталық көшелерде, қоғамдық көлік аялдамалары мен сауда орталықтарының жанында өтті.

Әкімдік қызметкерлері әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, қызғалдақ гүлін сыйлады.

Бұл күтпеген және өте жағымды сыйлық болды! Жұмысқа асығып, ойға батып бара жатыр едім, кенет қолыма гүл сыйлады. Мұндай іс күні бойға қажет көңіл-күй сыйлайды. Осындай игі іс ұйымдастырғандарыңызға рақмет! - деді елорда тұрғыны Аяулым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға