Жаңалықтар

Елорда тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды

Елорда тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды
Фото: polisia.kz 04.01.2023 12:03 845

Елорда тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқ Instagram желісінде аккаунт ашып, жаңа жыл қарсаңында тауарларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялау арқылы азаматтарды алдаған. Ассортиментке шыршалар, ойыншықтар, сондай-ақ приставкалар кірген.

Алаяқ парақшасына интернеттен жүктелген жарқын фотосуреттерді қойған. Қаланың алты тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалған. Ақмола облысының 24 жастағы тумасы келіссөздер барысында аударым арқылы алдын ала төлем сұраған, содан кейін ол “алданған клиенттердің” телефон нөмірлерін бұғаттап, өзі хабарсыз кеткен. Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері қаскүнемді анықтай алды. Ол қазір үй қамаққа алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген залал сомасы анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жас жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын тексеріп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға