Жаңалықтар

Елорда тұрғындары 2,1 млрд теңге көлік салығын төлемеген

Елорда тұрғындары 2,1 млрд теңге көлік салығын төлемеген
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 16.08.2023 18:12 813

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүрген елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша МКД салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын көлік иелерін қолайсыздық туындамас үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады. Қалада полицейлер мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп, «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Бүгінде жеке тұлғалардың көлік салығына берешегі – 2,1 млрд теңге. Рейд барысында 97 млн теңге өндірілді. Іс-шараны өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды, - делінген мәліметте.

Рейд жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасады. Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға