Елорда күніне орай Байқоңыр ауданында 20 аула пайдалануға берілді

Астана күніне орай елордадағы Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы, 3 қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесіндегі №8, 10, 12, 12/1 үйлер аумағы. Бұл аумақ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылып отыр. Нәтижесінде 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды. Сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ салынды.
Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын.
Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Бүгінде оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталған.
